Оқу жылындағы оқушылардың демалыс күндері белгілі болды

Оқу жылындағы оқушылардың демалыс күндері белгілі болды
Фото: freepik.com

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқу жылының күнтізбелік жоспарын бекітпейтіндігі, тек оқу жылының басталуы мен ұзақтығы туралы және каникулдық кезең туралы бұйрық шығаратыны туралы хабарлады.

ҚР БҒМ-нің 2019 жылғы 29 шілдедегі "Орта білім беру ұйымдарында 2019-2020 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы" №337 бұйрығына сәйкес мынадай мерзімдер айқындалды: 

1. 2019 - 2020 оқу жылы 1 қыркүйек күні басталып, 2020 жылғы 25 мамырда аяқталады;

2. 1 сыныптарда оқу жылының ұзақтығы 33 оқу аптасын құраса, 2-11 (12) сыныптарда оқу 34 аптадан тұрады.

Оқу жылы барысында үш демалыс уақыты бекітілген.

- күзгі каникул – 7 күн (28 қазан - 3 қарашаны қоса алғанда);
- қысқы – 10 күн (30 желтоқсан – 8 қаңтарды қоса алғанда);
- көктемгі – 13 күн (21 наурыз – 2 сәуірді қоса алғанда).

1 сыныптарда қосымша каникул - 7 күн (3 - 9 ақпанды қоса алғанда).

Осылайша, оқу жылы 2019 жылғы 1 қыркүйектен басталып, 2020 жылғы 25 мамырда аяқталады.

А. Рысдәулет