2014 жылдың 10 мистикалық құпиясы

2014 жылдың 10 мистикалық құпиясы

2014 жыл құпияға толы, жұмбақ жыл болды. Сарапшылар бұл жұмбақтарды шешу үшін көп күш жұмсады. Алайда шиелініскен оқиғалардың шешімін таба алар емес. Бүгін біз сіздерге әлі күнге дейін жұмбақ болып отырған өзекті мәселелер жөнінде сөз қозғаймыз.

1. Malaysia Airlines 370 рейсі

Куала-Лумпурдан Қытайға қатынайтын Boeing 777-200ER ұшағы 2014 жылдың 8 наурызында із-түссіз жоғалып кетті. Ұшақтан байланыс үзілгенге дейін, ұшқыштардан ешқандай қауіп-қатер дабылы соғылған жоқ. Өйткені ауа-райы қолайлы болған. Boeing 777-200ER ұшағын іздестіру үлкен көлемде өтті. Бірақ ұшақ табылмады. Malaysia Airlines 370 рейсі жоғалып кеткеніне көп уақыт өтсе де, әлі ешқандай ақпарат түспеді.  

2. Исландиялық жанартау

Исландиядағы Бардарбунга сөнбеген жанартауының атылуы өткен жылдың тамыз айында басталып, әлі күнге дейін жалғасып келеді. Бұл жанартаудың қауіптілігі күкірт диоксиді секілді улы газдарды ауаға таратуында. 

Лавалық аймақтың аумағы – 51 шақырым. Мұндай лавалық аймақ тек 1783 жылы Лаки жанартауында болған. Бұл жанартау планетамыздағы күкірт диоксидін ең көп мөлшерде бөлетін жанартау.   

3. Эднан Сайед

Эднан өзінің бұрынғы қызы Хае Минді өлтіргені үшін өмірлік бас бостандығынан айырылды. Оқиға 1999 жылы орын алды. Өткен жылы Сара Кениг бастаған бір топ журналист істі тергеуді қайта бастады. Олар шын мәнінде қызды Сайед өлтірді ме деген сұраққа жауап іздеуде. Себебі қылмыс кезінде болған жайттар сәйкес келмейді. Дегенмен қылмыс болған жерде Эднан Сайедтің болмағандығын растайтын куәгерлер болмай отыр. Жігіттің тағдырын Мэриленд қаласының аппелляциялық соты шешеді. Бұл оның қылмыскер емес екендігін дәлелдейтін соңғы мүмкіндігі.  

4. Сібірдегі үлкен шұңқырлар

Сібірдегі Ямал түбегінде 35-метрлік шұңқыр табылды. Содан соң Ресейдің солтүстік аймағында тағы бірнеше осыған ұқсас ойық пайда болды. Ғалымдар бұл құбылысты жер астындағы газдардың жарылуынан пайда болған деп жорамалдап отыр, бірақ нақты айғақтары жоқ.

5. АҚШ-тағы Тиын ауласынан ұрланған алтын тиындар

Калифорния үйлерінің бірінде тұратын отбасылық жұптың ауласының артынан құны 10 миллион долларды құрайтын 1400 алтын монета табылды. Бұл байлықтың бәрі қайдан шықты?

Сан-Франциско қаласындағы АҚШ-тың Тиын ауласынан бағасы 30 000 доллар болатын монеталар ұрланып кеткенде, оқиға одан сайын қызық бола бастады. Осы қылмыс үшін Тиын ауласының бұрынғы қызметкері Уолтер Н. Диммик тұтқынға алынды. Алайда ол ақшаның қайда екенін айтқан жоқ. Калифорниядан табылған ақша сол болуы мүмкін. 

6. Жұлдыздардың жеке суреттерін жариялаған кім?

Тамыз айының аяғынан бастап белгісіз біреу жұлдыздардың жүздеген жеке суретін жариялай бастады. Ол iCloud арқылы өз ісін жүзеге асырған. Жапа шеккен жұлдыздардың қатарында Дженифер Лоуренс, Скарлет Йоханссон, Ким Кардашьян, Кейт Аптон және тағы басқалар да бар.

Бағдарламаны кім бұзғаны бүгінгі таңға дейін белгісіз. Қазір бұл іспен ФБР айналысып жатыр.

7. Экзоай

Ғалымдар Күн жүйесінің шекарасынан тыс ғаламшар серігі – экзоай тапқанын мәлімдеді. Бірақ бұл қаншалықты шындыққа жанасатындығы басты мәселе болып отыр.

Зерттеушілер экзоайды жоғалып кеткен нысандарды анықтайтын гравитациялық микролинзаландыру әдісі арқылы көрген. Олар зерттеу барысында бір нысанды тапты. Ол кішкентай жұлдыз немесе Юпитер секілді үлкен планета болуы мүмкін. Бірақ бұның бәрі жай ғана жорамалдар. Сондықтан ғалымдар зерттеу жұмыстарын жалғастыруда.

8. Стоунхенджді зерттеу

Жаңа зерттеу жұмыстары нәтижесінде, Стоунхенджтің астынан басқа да археологиялық құндылықтар табылды. Оның ішінде қорғандар, терең жыралар, әруақ қонған жерлер бар. Осыған дейін Стоунхендж оқшауланған құрылыс болды. Сондықтан бұл жаңалық ғалымдарды қатты таң қалдырып отыр. Алдағы уақытта олардың қандай құпия сырын ашатыны бәрімізге қызық. 

9. «Sony Pictures» компаниясының жағдайы

«Sony Pictures» ұйымдасқан топтың қастандығынан кейін әлі есін жия алмауда. ФБР қылмыстық іске Солтүстік Корея басшылығының қатысы бар деп отыр. Оған себеп Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын өлімі туралы түсірілген «Интервью» фильмі. «Sony Pictures» компьютерлеріне белгісіз адамдардан хабарлама түскен. Хабарламада «фильм көрсетілімін доғармаса, әлем қорқынышқа толады» деп жазылған.

10. Мексикалық оқушылардың жоғалуы

Мехикода 40-қа жуық мексикалық оқушы көтеріліске шығуға бара жатқанда жоғалып кетті. Оларды полициялар есірткі саудасымен айналысатындарға тапсырып, өлтірді деген жорамал бар. Бірақ олардың денесі ақыры табылған жоқ. Балаларды ұрлады деген күдікпен 80-ге жуық адам сотталды. Оның ішінде қала әкімі мен әйелі және жергілікті полиция басшысы да бар.

Оқи отырыңыз: 

Автотұрақтағы күтпеген оқиға

Құпияға толы Мачу-Пикчу қаласы

Люксембург туралы қызықты мәліметтер

Индонезия туралы қызықты мәліметтер

Сурет: BRETT GUNDLOCK/BOREAL COLLECTIVE/MASHABLE, tjournal.ru

Ж. Исакаев