16 жыл бойы демалған британдық отбасы

16 жыл бойы демалған британдық отбасы

Британдық туристер демалыстан оралды. Бір қарасаңыз кәдімгі оқиға, алайда гәптің бәрі қалай демалғанында емес, қанша уақыт демалғанында.

Саяхат – көңіл сергітетін, жанды қайта жандандыратын ғажап дүние. Бұған Ұлыбритания елінің ерлі-зайыптысы Клайв пен Джейн куә. 1998 жылдың шілде айында жас отбасы 10 метрлік яхтасымен Испания жеріне саяхаттауды жөн көреді. Уақыт өте олар саяхаттауды қатты ұнатып қалып, қайту мерзімін кейінге қалдыруды шешеді. Аяғында Клайв пен Джейн 16 жыл бойы саяхаттап, 56 елде болып қайтады. Алғашқыда олар Испаниядан шығып, Атлантика мұхиты арқылы Барбадоске өтеді, одан көптен күткен Канадаға жетеді. Панама каналымен Тынық мұхитын кесіп, Үндістан мен Суэц каналы арқылы Жерорта теңізіне қайта оралады. Жас жұбайлар ұзақ мерзімді сапарда тынық мұхитында өмір сүретін тайпалармен бірге тұрып, итбалықтармен суға түскен. Шығыс Африка елдеріне біраз уақыт бойы тұрақтаған.

Грин отбасы сапар шығынын өтеу үшін Уэльстегі үйін жалға береді. Ақырында жұмсалған қаражат аптасына шамамен 200 АҚШ доллары болған. Сонымен қатар саяхатшылар керек емес киімдерін қосалқы затқа айырбастап отырыпты.

Саяхатқа дейін Клайв Грин инженер жұмысын атқарған, ал оның әйелі микробиолог дәрігері болып жұмыс істеген. Ерлі-зайыптылардың айтуынша, ойлаған жоспарлары жүзеге асыпты. Тіпті сапар кезінде бірде-бір сөзге келіп қалған кездері болмапты. Және де Грин отбасы мұнымен саяхаттауды тоқтатпайтынын айтып, аздаған үзілістен кейін жаңа жоспар құрып, әлемді тани түсеміз дейді.

Оқи отырыңыз: 

Құмар ойындарындағы қомақты ұтылыс

Әлемге аты шыққан Шарын шатқалы туралы

Күніне екі мәрте суға кететін көлік жолы туралы білесіз бе?

АҚШ президенттерінің билік басына келгеннен бергі өзгерістері

 Сурет: goodnews-world

Н. Нұрмаханұлы