Сібірдегі қазба жұмыстары кезінде 2100 жылдық "айфон" табылды

Сібірдегі қазба жұмыстары кезінде 2100 жылдық "айфон" табылды
Фото: siberiantimes.com

Тыва Республикасында археологтар заманауи смартфонға ұқсайтын ерекше тік бұрышты құрылғы тапқан. Аталған археологиялық қазба 2016 жылы табылғанымен, ғалымдар бұл туралы енді ғана айтты, деп хабарлайды The Siberian Times.

IPhone-ға ұқсас құрылғы деген археологтар, оны 17 метр тереңдіктегі жас әйелдің қабірінен табылғанын айтады. “Айфонның” ұзынды 18 см, ені 9 см, яғни, бүгінгі смартфондардай. 


Қазба орны “Саян” деп аталатын Ала-Тей қорымы, Саян-Шушенск су электр станциясының жоғарғы жағында орналасқан. Жалпы, қазба орнынан тағы 110 бейіт, сондай-ақ тұрмыстық заттар, киім және қыш заттар табылған.

Қабірлердің жасы шамамен 2100 жыл. Жерлеу рәсімдерін зерттеген ғалымдар, бұлай жерлеу Хунну империясына тиесілі екендігін айтады. Хунну империясы біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғасыр мен біздің дәуіріміздің І ғасырының аяғына дейін өмір сүрген көшпелі халықтар мекені болған.

Т. Раушанұлы