Халық емшілігі: Буын қабынғанда не істейміз?

Халық емшілігі: Буын қабынғанда не істейміз?
Фото: twitter.com

Буын қабыну немесе ревматизм – ел арасында көп таралған аурулардың бірі. Әсіресе, үлкен кісілер көп ауырады. Қабыну бір буыннан екінші буынға өтіп, ауру одан әрі күшейе береді. Көбінесе, тізе, саусақ, иық, жауырын, жамбас қатарлы үлкен буындарда болады. Қызару, ісіну, ауырсыну, қызу секілді белгілер білінеді. Кейде бірнеше буын бірге ауыруы мүмкін. Қол-аяқтың, саусақ, байқайшықтарына, сондай-ақ омыртқа буындарына да әсер етеді. Балаларда буын қабынудың белгілері жеңіл болады.

Буын қатты қабынған кезде, ол емделгеннен кейін, әлсін-әлсін білініп тұрады. Мәселен, бұлтты, суық, жаңбырлы күндері, жауын-шашын кездерде бүкіл дене бұлшық еттері ауырсынып, жағымсыз жәйт болады.

Буын қабынудың қазақ емшілігінде емдеудің өз орны бар. Мәселен, Қайрат Айдарханұлының «Қазақ емшілігі» кітабында аң-құс, жәндіктердің емдік қасиетін қолдану арқылы қабынған буынды жазудың келесідей емін көрсетеді.

Буын қабынғанда аюдың майын жаққан пайдалы. Аюдың майын отқа немесе күнге қыздырып, ауырған орынға жағады. Сылынып алынған құйрықтың қыртыс майын ауырған орынға тартып үстіне жылу өткізсе де болады.

Емдеудің тағы бір тәсілі – аюдың терісімен орау. Аю терісіне май жағып, отқа қыздырып ауырған орынға тартады. 2-3 сағаттан кейін тері тартқан орын ауырады, бұл кезде алып тастап суыққа тигізбей күтіну керек.

Қ. Слямбек