Өзбекстанда Қазақстан медицинасының күндері басталды

Өзбекстанда Қазақстан медицинасының күндері басталды
Фото: kommersant.uz

Бүгін Өзбекстан Республикасында Қазақстан медицинасының күндері басталды. 21-22 қараша аралығындағы бұл шара ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Амантайұлы Біртановтың және Үкімет өкілдерінің, сондай-ақ медициналық ұйымдардың бірінші басшыларының қатысуымен өтеді, - деп хабарлайды А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының баспасөз қызметі.

Бұл іс-шараның басты мақсаты — екі елдің жетекші медициналық ұйымдарының арасындағы өзара іс-қимылды нығайту, ынтымақтастықты күшейту, тәжірибе және білім алмасу.

Форумға А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығынан басқарма төрағасы, профессор Баймаханов Болатбек Бимендеұлы қатысады. Аталмыш орталықтың жетекші мамандары шеберлік сабақтарын өткізіп, Өзбекстан азаматтарына тегін медициналық кеңес беретін болады.

Форумның аясында ұйымдастырылатын медициналық көрмеде Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы реформалары мен медицинадағы жаңа технологиялары таныстырылады.

Н. Үсенова