1-2 жас аралығындағы бала жетілуінің кешеуілдеуі

1-2 жас аралығындағы бала жетілуінің кешеуілдеуі
Фото: pixabay.com

Әр баланың геніне, өскен ортасына, тамақтануына байланысты ағзасы әртүрлі уақытта жетілуі заңды екенін білеміз. Алайда барлық балаға ортақ өсу белгілері де бар. Бір жастан бастап екі жасқа жеткенше мына әрекеттерді істей білгені дұрыс.

6-12 ай аралығында баланың жетілуі

• Балаңыз «мама» деп айта ала ма? Бір жарым жасында 5-10 сөзді айта алатындай күйге жетті ме? Мысалы мама, папа, ата, әже, апа, аб-ап, бер.

• Егер ол өз тілінде сөйлейтін болса, сіздің де айтқаныңызды қайталауға тырыса ма?

• Сұрақ қойсаңыз «иә» не «жоқ» деп басын изеп, шайқап жауап бере ме?

• Бір нәрсені саусақпен көрсетсеңіз, қолыңызға қарай ма?

• Қарапайым әрекетке байланысты айтқан сөздеріңізді түсіне ме? (мысалы жүр кеттік, отыр, допты әкел).

• Ол балаларға арналған кітапқа, әсіресе ішіндегі балалар мен жануарларға қызығушылық таныта ма?

• Тамақты өзі шайнай ма?

• Егер сіз есінесеңіз, жөтелсеңіз, ол да сізбен бірге есінеп, жөтеле ме?

• Бөгде адамдардың арасында сізге тығылып, қорғана ма?

• Жаңа нәрсені үйретуде сізге қарамай, тыңдамай қоймай ма?

• Киімі бүлініп қалса, мазасызданып, сізге көрсете ме?

• Ол өзінің, сіздің, ойыншықтың мұрнын, құлағын, қол-аяғын көрсете ала ма?

• Бұрынырақта түсірілген суреттен сізді, отбасының басқа мүшелерін тани ма?

• Ол тазалыққа аса жаны құмар емес пе? Мысалы тамағының кішкене бөлігі түсіп қалса да жылап, тазалап беруді сұрамай ма?

• Оған ашулансаңыз өз-өзін ұрып, тістемей ме? Дені сау бала ренжіп, жылап, қорқуы мүмкін, алайда өз-өзін қинамайды және сіздің ашуланғаныңызды да байқаусыз қалдырмайды.

Егер сіз берілген сұрақтарға «иә» деп жауап берсеңіз, онда барлығы дұрыс, қалыпты. Ал егер жауабыңыз «жоқ» болса, дер кезінде дәрігер кеңесіне жүгінуді жоспарлау қажет.

@. @assel_assanova