6-12 ай аралығындағы бала жетілуінің кешеуілдеуі

6-12 ай аралығындағы бала жетілуінің кешеуілдеуі
Фото: pixabay.com

Әр баланың геніне, өскен ортасына, тамақтануына байланысты ағзасы әртүрлі уақытта жетілуі заңды екенін білеміз. Алайда барлық балаға ортақ өсу белгілері де бар. Алты айынан бастап бір жасқа жеткенше мына әрекеттерді істей білгені дұрыс.

• Бала жылағанда әр кезде әртүрлі дыбыс беріп, өзіне не қажет екенін түсіндіре ала ма? (мысалы ұйқысы келсе, қарны ашса, жөргегі былғанса әртүрлі дыбыспен жылау).

• Ол сіз айтқан сөздерді қайталауға тырысып, онымен сөйлескенде өз тілінде жауап бере ме?

• Балаңыз жылап жатқанда қолға көтерсеңіз, бірден тынышталып, жылағаны басыла ма?

• Алақанынан ұстасаңыз, қарсылық танытпай ма және шапалақтай ала ма?

• Шақырсаңыз, қолын созып келе ме?

• Қолыңызда ұстап тұрғанда денесі былқ-сылқ етіп бос болмай ма немесе керісінше, тырыстырып алмай ма?

• Май, жақпамай жаққанда денесін бос ұстай ма?

• Дастарқанға тағамдар қойғанда, алғысы кеп ұмтыла ма?

• Еңбектеуге жерге жіберсеңіз, ойыншықтарға қызығып, барып ала ма?

• Еңбектей алатын болса, сізді іздеп, ізіңізден жүре ме?

• Айналасына қызығушылықпен қарап, әр нәрсені ұстап, байқап көргісі келе ме?

• Егер бір нәрсе болып қалса, бетіңізге қарап, реакцияңызды баға ма?

• Арқасымен құлап, басын әр жерге соғып жүрмей ме?

• Жүзінен қорқу, қуану, таңдану секілді эмоцияларды байқайсыз ба?

• Түн ішінде қатты айқайлап шыңғырмай ма?

Егер сіз берілген сұрақтарға «иә» деп жауап берсеңіз, онда барлығы дұрыс, қалыпты. Ал егер жауабыңыз «жоқ» болса, дер кезінде дәрігер кеңесіне жүгінуді жоспарлау қажет.

@. @assel_assanova