Ара балының емдік қасиеттері туралы

Ара балының емдік қасиеттері туралы

Алдағы уақытта отандық медицина саласында балмен емдеу тәсілі қолданылмақ.

Ара балы – тек тәтті тағам ғана емес, таптырмас ем. Сондықтан, білекті дәрігерлер бүгінде балмен емдеу терапиясын дамыту мәселелерін талқыға салуда. Адам ағзасын емдеудің бұл түрі көптеген елдерде, әсіресе, Ресей мен Украинада бір жүйеге келтірілген. Бұл елдерде орта есеппен әр адам жылына 2 келі бал жесе, біздегі тұтыну мөлшері адам басына шаққанда небары 40 грамнан аспайды. 

Бал - дәрі-дәрмек ішуден гөрі әлдеқайда тиімді ем, әрі адам ағзасына өте пайдалы дейді дәрігерлер. Бал көбінесе асқазан, ішек, жүйке, өкпе ауруларында жиі пайдаланылады. Ал әзірше атитерапия, яғни балмен емдеу орталығы тек оңтүстік астанамыз Алматыда ғана бар.

Адам ауырған кезде дәрімен бірге түрлі қоспаларды ішеді, бұл тіптен дұрыс емес. Мысалы, бір араның өзінен 7 түрлі өнім алынады екен. Егер ара балымен жыл бойы тамақтанатын болсақ, онда жүрек талмасына ұшырау, инсульт алу оқиғалары тіптен болмас еді. Адамның жүйке жүйесі де дұрыс жұмыс істейтін болады.

Отандық дәрігерлердің пайымы осындай. Сондықтан, мамандарының балды емдік қажетке жарата бастауы құптарлық іс.

Сурет: aitaber.kz

Ж. Исакаев