Биік өкшелі аяқ киімнің денсаулыққа зияны тимес үшін...

Биік өкшелі аяқ киімнің денсаулыққа зияны тимес үшін...
Фото: unsplash.com

Биік өкшелі туфли ыңғайсыз аяқ киім екені ешкімге құпия емес. Алайда бұл әйелдердің көпшілігі үшін одан бас тартуға себеп емес. Сондықтан денсаулыққа зияны тимес үшін оны қалай кию керектігін айтамыз.

Биік өкшелі аяқ киімді күнде кимеңіз. Оны жай табанды аяқ киіммен алмастырып киюге тырысыңыз. Сол кезде аяғыңыз бен омыртқаңыз демалып үлгереді. Табанға жүктемені дұрыс түсіретін ортопедиялық ұлтарақ сатып алған дұрыс.

Массаж жасаңыз. Күніне 1-2 рет биік өкшелі аяқ киіміңізді шешіп, аяққа массаж жасаған жөн. Ол қан айналымның қалпына келуіне көмектеседі. Егер биік өкшені күнде кигіңіз келсе, 5 сантиметрден биік емес түрін таңдаңыз: ол аяғыңызды азырақ зақымдайды.

Аяққа арналған ванна қабылдаңыз. Биік өкшелі аяқ киім киген күні кешкісін аяққа арналған ванна қабылдаңыз. Мысалы, теңіз тұзы шаршағандықты басады, жөке қайнатпасы қан айналымды жақсартады.

Жаттығу жасаңыз. Жалаң аяқ жасау керек жаттығулар туралы ұмытпаңыз. Еденге теннис добын немесе кішкентай бөтелке қойып, оны табаныңызбен 2-5 минут айналдырыңыз. Содан соң қағаз майлықты жерден башпаймен қысып, 15-20 рет көтеріңіз. Одан кейін 10-15 рет отырып тұрыңыз. Соңында 15-20 рет аяқ ұшымен көтеріліп, ақырын табаныңызды қайтадан еденге түсіріңіз.

А. Жапатова