Лайфхак: Балалар сусабынын қолдану

Лайфхак: Балалар сусабынын қолдану
Фото: freepik.com

Ересектерге арналған сусабындардың көпшілігінде лаурилсульфат натрий бар. Бұл зат жақсы жуатын қасиетке және көбіктенуге ие, бірақ денсаулыққа пайдалы емес. Ал балалар сусабынында осы затты амфотерлі сурфактантымен ауыстырады. Сол үшін ол шашты құрғатпайды және басқа да күтім процедураларына қолдануға болады. Үйіңізде кішкентай бала болмаса да балалар сусабынын алып қойыңыз.  Ендеше, балалар сусабынымен орындалатын лайфхактарды ұсынамыз.

Былғарыдан жасалған бұйымдардың жылтырын қайтару. Балалар сусабыны – табиғи тері бұйымдарына (әмиян, сөмке, аяқ киім) күтім жасауға арналған керемет құрал. Бағасы жағынан да ол арнайы құралдардан тиімдірек болып келеді. Балалар сусабынының тамшысын былғары бұйымға тамызып, жұмсақ дәкемен жылтырағанша сүртіңіз. 

Макияжға арналған қылқаламдарды тазарту. Макияжға араналған қылқаламдарды ластықтан тазарту үшін суға бір-екі тамшы балалар сусабынын тамызып, оған қылқаламдарды бірнеше минутқа салып қойыңыз. Содан соң қылқалам түгін алақаныңызға сүрту арқылы тазартып, сумен шайып тастаңыз.

Макияж сүрту. Егер макияж сүртетін құралыңыз таусылып қалса, оның орнына балалар сусабынын қолдана тұруға болады.

Ішкі киім жуу. Мамандар ішкі киімді стандартты кір жуатын құралдармен жумауды ұсынады. Сондықтан агрессивті құралдың орнына балалар сусабынын қолдансаңыз болады. Ол үшін жылы суға 1 шай қасық сусабынды ерітіп, ішкі киімді оған 5-10 минутқа салып қойыңыз. Содан соң жуып, таза сумен шайып алыңыз. 

Сұйық сабынның орнына қолдану. Қарапайым сабын терісі сезімтал адамның қолын құрғатып жібереді. Егер осындай жағымсыз жағдай орын алса, сұйық сабынды балалар сусабынымен ауыстырып көріңіз.

Дақтарды кетіру. Балалар сусабыны жұмсақ жиһаздағы немесе кілемдегі дақтарды кетіруге көмектеседі. Жұмсақ балалар сусабынымен матаға зиянын тигізбей, түсін өзгертпей ластықтан арылуға болады.

А. Жапатова