Ақылды әйел және дана әйел #2

Ақылды әйел және дана әйел #2

Ақылды әйел және дана әйел ұғымдарының айырмашылығын білесіз бе?

Болашақта қандай жар болатыныңыз туралы ойландыңыз ба? Жан-жағыңыздағы келіншектерге көз салып қараңызшы. Нені байқайсыз? Он отбасының екеуінде ғана отағасы да, отанасы да бақытты өмір сүреді. Шыны керек, шаңырақтың бақыты әйел адамның қолында. Егер сіз бұл ақиқатты мойындап, өзіңізге жауапкершілік алсаңыз, мына кеңестердің арқасында бақытқа қол жеткізе аласыз деген сенімдемін.

Ақылды болу жақсы, дана болу керемет!

Басы

Ақылды әйел балаларының өміріне араласып, оларға баланы қалай дұрыс тәрбиелеу керектігі жөнінде кеңес берумен болады. Дана әйел балаларының өмір жолын өздері өтуіне мұрша бере тұра, кез келген жағдайда қолдау көрсетіп отырады.

Ақылды әйел енесінің, ата-анасының ықпалына қарсы шығып, өзінің тәуелсіздігі үшін күресуге тырысса, дана әйел жымиып қана үнсіз тыңдап, көнген кейіп танытып отырады. Ал түбінде дұрыс әрекет жасайды.

Ақылды әйел қоршаған ортасын өзгертуге талпынады, ал дана әйел өзгертуді өзінен бастайды және қалғандарын қаз қалпында қабылдауды үйренеді.

Ақылды әйелдің ойынша дауды жеңген адам бақытты, дана әйелдің ойынша жақын адамдары қуанышты болса, сол бақытты!

Дайындаған: Фариза Әбілова

Сурет: vk.com

Оқи отырыңыз:

Мінезімді түзеймін десеңіз

Қыздың қырық шырағы бар...

Өз-өзіңді тәрбиелеуге арналған кеңестер

Бақытқа жету жолында

Ф. Абилова