Оқи отырыңыз

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Аспаздық / Картоптың пайдасы мен зияны

Картоптың пайдасы мен зияны

Арамызда «Мен картоп жей алмаймын» немесе «Маған картоп жеген ұнамайды» дейтіндер бар дегенге сену өте қиын. Өйткені, картоптан жасалатын кез келген тағам өте дәмді әрі тез дайындалатын болып келеді. Әсіресе, картоптан жасалатын картоп қытырлақтарын (чипс) тағамдық құныдылығының аздығына және зияндығына қарамастан сүйіп жейтіндердің қатары аз емес.

Славян халықтарының екінші нанына айналған бұл ежелгі көкөністі алғаш рет осыдан он екі мың жыл бұрын үнді тайпалары өсірген екен. Есіңізде болса, картоптың шығу тарихын, оның таралуын біз сіздерге бұған дейін әңгімелеген де болатынбыз. Картоптың адам ағзасына тигізер пайдасы мен зияны бүгінгі тақырыптың негізгі арқауы болмақ.

Картоптың құрамында: C, B1, B2, B6, B9, PP, K дәрумендерінің бай көзі, кальций, темір, магний, натрий және фосфор бар. Ал ең басым бөлігін 75% - су құрайды. Картоп ең қолжетімді тауарлардың бірі болып табылады. Оны кез келген уақытта сатып алуға болады, ешқандай арнайы шаралар керек емес, тек құрғақ жерде сақтау керек.

Картоптың құрамындағы кальций және калий біздің ағзамызда ас тұзының зиянды әсерін бейтараптандырады. Өз кезегінде, магний жүректі нығайтады, оның арқасында біз кез келген күйзелісті бастан жақсы өткереміз, сондықтан картопты күйзеліске бой беретін адамдардың қолдануына кеңес беріледі. Оның құрамындағы балластық зат асқазан-ішек жолының жұмысына пайдалы әсер етеді. Фосфор біздің тістерімізге және қызыл иекке пайдалы әсер етеді, сондай-ақ өсу процестеріне қатысады, сондықтан ол жас балаларға өте пайдалы. Темір иммунитеттің ұлғаюына әсер етіп, нашар көңіл-күйді болдырмайды.


Картоптың ағзаңызға берер пайдасын біліп алдыңыз деген ойдамыз. Ал, картоптың зияны қандай? Әдетте, салмақ тастағысы, азғысы келетіндер өзін картоп жеуден шектеп тастайды. Бұл да дұрыс! Картоптың зияндылығы – оның құрамында көмірсулар мен жасұнықтың көп болуында. Бұлар өз кезегінде адам ағзасында қанттың мөлшерін көбейтіп жібереді. Дұрысы, картоп тағамдарын дұрыс дайындай білуді үйрену керек. Картопты қуырғаннан гөрі, қабығымен бірге қайнатып жегеніңіз және қуырылған картоптан аулақ болғаныңыз өзіңіз үшін пайдалы болмақ.

Картоптан жасалатын бет терісіне арналған маскалар мен картоптан түрлі дәмді тағамдар жасаудан хабардар боларсыз. Мұнан басқа картопты үй тұрмысында ем-дом ретінде пайдалануға да болады екен.

Кейбір адамдардың табанында қатайған тері (мозоль) пайда болып жатады. Әсіресе, биік өкше аяқ кимнің ыңғайсыз болуынан күс пайда болып, оны кетіре алмай әбігерге түсеміз. Мұндайда, картоптың көмегіне жүгініңіз! Табанға шикі картоп тарту арқылы ондағы қатайған теріні жұмсартуға болады. Ол үшін алдымен картопты үккіштен өткізу керек. Жарты стақан үгітілген картопқа 1 шай қасық бал қосып араластырады. Осыны дәкеге салып, қатайған теріге жапсыра орайды. Сыртынан шұлық киіп, 2 сағаттай жүру керек. Мұндай рәсімді күніне 2-3 рет қайталауға болады. 

Суреттер:1366x768.ru,kuharka.com,wrensoft.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Дайындаған:
Кәусар Мұң
Қосылған күні:
15 тамыз 2012, 14:02
Тегтер:
картоп, картоптың пайда болуы, картоптың пайдасы, картоптың зияны, күсті кетіру
10659 8
Рейтинг: 4
Пікірлер
15 тамыз 2012, 14:56

Күйзелістен шығудың жолын таптым :D

15 тамыз 2012, 15:23

Бірде байқаусызда көзімді кварцқа күйдіріп алғанмын, дәрігерлер 4-5 дәрі жазып берді, ауырғаны бәрібір басыла қоймады. Сонда бір апайдың кеңесімен картопты көзіме басып едім, тезе арада қойып, рақаттанып қалдым. Сол уақытан бері картопты қатты жақсы көремін!!!

15 тамыз 2012, 15:24

Картопты жеу ұнайды ғой әрине. Бірақ оны аршитын адам болса)) Айтпақшы, картоп жемейтін адамдар болады. Мысалы, менің папам))

15 тамыз 2012, 17:37

Онда папаңыз картопты әбден жеп-жеп, шығып кеткенғой)))

15 тамыз 2012, 17:40

Солай сияқты))

15 тамыз 2012, 15:43

менің папам да онша жақтыра бермейді, ал өзім сүйем :)

15 тамыз 2012, 21:04

Картоп - менің де сүйікті асым.

17 тамыз 2012, 11:31

Қуырылған картоп, (әсіресе қып-қызыл қылып қуырған) менің ең жақсы көретін тағамым. :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Ең қызықты блогтар

Хэллоуиннің бізге берері не?

Ата – бабаларымыз арына кіршік жолатпай өз намысын да, елінің, намысын да...

***

Мен жыласам жыладым сағынғаннан.

Жапырақ жүрек

Жапырақ жүрек жас қайың...

Сыр қызы жайлы 30 дерек

21. Мектепке жарты жыл ерте барғам ).

Автор: Сыр қызы
Ол өмірлік жарым болар ма екен-ай...

"Сындым. Бір көргеннен. Жүрісін айтсаңшы. Анау мультфильм кейіпкерлеріндей, тамақ...

Қаһар / Fury / Ярость 16+

Жігіттер жыламайды емес жылайды, бірақ олардың жылайтын себебі басқа...

Автор: Айкона Н

Соңғы аудармалар

A-Pink - Wishlist [қазақша субтитрлермен]

A Pink тобының «WishList» әніне түсірілген бейнеклипі 2011 жылы шыққан. Бұл бейнеклип топтың жанкүйерлеріне сыйлық ретінде ұсынылған.  Әнді жазған композитор Shinsadong Tiger қыздардың пәк сұлулығына екпін қоюды жөн көрген. Бейнеклипте үлкен махаббатты аңсайтын, армандарының орындалуын тілейтін қызды көруге болады.  Аударған: Sauleshka Тайминг: Aisana Әрлеу:...

2NE1 - HAPPY [kaz_sub]

2NE1 тобы 2014 жылдың наурыз айында шыққан “Crush” альбомдары үшін “Come Back Home” және “Happy” бейнебаяндарын ұсынды. Екі ән де жаңа альбомға...

BOYFRIEND - ALARM [қазақша субтитрлермен]

Boyfriend тобы соңғы шыққан Obsession деп аталатын мини-альбомына кіретін екінші әнге бейнебаян ұсынды. "Alarm" атты әнге түсірілген бейнебаянда жігіттер сүйкімді...