45 минутқа созылған тарихтағы ең қысқа соғыс

45 минутқа созылған тарихтағы ең қысқа соғыс
Фото: i-fakt.ru

Әлем әлі соғысты бастан кешіп келеді. Себебі бұл үрдіс сонау адамзат жаралғалы бар. Олай болуы да заңдылық. Өйткені соғыс арқылы адамдар жерлерді жаулап өздеріне мемлекет қалыптастырып отырған. Соғыстың өзі түрлі жағдайда орын алады. Ғасырлар тоғысында қылыш пен найзаның ұшымен басталған соғыс мылтықтың оғымен жалғасын тауып, бүгін алыстан басқарылатын құрылғылармен толысып отыр. Ал сіз әлемдегі ең қысқа уақытта болған соғыс жайлы не білесіз?

Бұл – 45 минутқа созылған әлемдегі ең қысқа соғыс. Аталған соғыс тіпті Гиннесс рекордтар кітабына енген. ХІХ ғасырдың соңында Занзибар елі Ұлыбританияның державасында болады. 1896 жылы Занзибардың жаңа сұлтаны Халид ибн Баргаш осы құлдық құрсауынан құтылу үшін әрекет жасайды. Ол үшін ол өзіне серік іздеп, Германиядан көмек сұрайды. Бас қолбасшы өзімен бірге азғантай ғана сарбаз жинап, әскерді XVI ғасырдан қалған қару-жарақпен жабдықтайды. Ұлыбританиялықтар бұл әрекетті ашық соғыс деп қабылдап, 27 тамыз күні, таңғы сағат 9:00 кезінде соғыс болатынын ескертеді. Екі жақ алдымен теңіз бетінде шайқасуға келіседі. Яғни алыстан бомбылау арқылы екі жақ кемелерінің күшін сынай бастайды. Ақыры екі жақтың соғыс нәтижесінде соғыс ұзақтығы 45 минутқа созылып, жаңа сұлтан тағына келген Халид ибн Баргаш әскеріне шегіну туралы бұйрық беріп, өзі неміс жеріне бас сауғалап кете барады.

Қырық бес минут ішінде Занзибар жақтан 560 адам оққа ұшып, көз жұмады.  Ал ұлы державаға қарсы соғыс ашқан сұлтан 1916 жылы ағылшындардың қолына түсіп, 1927 жылы Момбас даласында қаза табады.

М. Ақан