Тойымсыз адамның толассыз сұрақтары

Тойымсыз адамның толассыз сұрақтары
Фото: Тимур Утешбеков, amur.kz

Адамдар неге алдамшы дүниеде қайырсыз байлыққа құмар болады екен?! Жиған байлығын қанағат көрмей, тек өзінде ғана бола берсе деп дүниенің соңынан итше қуатын адамдардың өмірлік мақсаты басқаша. Әйткенмен, адамды байлық қана бақытты ете алмайды ғой? Орыс халқында «Байлар да жылайды» деген сөз бар. Тойымсыздық жайлы Абай да «Ескендір» поэмасында аңызға сүйеніп Аристотельдің тілінде былай дейді:

«Тоя ма адам көзі мың мен санға?
Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да,
Өлсе тояр көзіне құм құйылғанда.
Кәпір көздің дүниеде араны үлкен,
Алған сайын дүниеге тояр ма екен?
Қанша тірі жүрсе де, өлген күні
Өзге көзбен бірдей-ақ болады екен»

Тойымсыздық пен қанағатсыздықты жаны сүйетін жігіт өмірде байлықтан өзге ешкімді сүйе алмайды. Әйткенмен өмір бойы сол жиған-тергені жанына демеу болғанымен, оны шын бақытқа бөлей алар ма екен? Қазақта «Қанағатсыздық жігіттің жалғыз атын сойғызады» деген де мақал бар. Жалпы, тойымсыз адамдар қандай болады? Кейбір тойымсыздар дүние жинау кезінде бәрін де сатып, «Өзінен» айрылып жатады. Сонымен, тойымсыз адамның толассыз сұрақтары қандай болады?

«Осы арманыма жетсем, менен асқан бақытты адам болмас еді...»

«Неге мені ақша жақсы көрмейді?»

«Неге бәрі менен-ақ ақша сұрай береді?»

«Осылар мені бай деп ойлайтыны несі?»

«Мен бай болуға лайықты емеспін бе?»

«Неге менің ақшам көбеймейді?»

«Неге менің табысым өзгелерден аз-ақ?»

«Неге ол көп айлық алады?»

«Менің одан қай жерім кем?»

«Қолымды ыстық суға малып қашан отырады екенмін?»

«Неге маған мыналар ақша үнемдеп, үй болуыма кедергі жасай береді?»

«Осылар мен болмасам қайтер еді?»

«Неге бәрінің жағдайын мен ғана ойлауым керек?»

Тойымсыздық - адам үшін абырой әпермейтін қасиет. Мұндайлар ешқашан өз армандарының шегіне жете алмайды. Жігіттер, барға қанағат етейік!

Ұқсас жазбалар:

Біреудің есебімен өмір сүретіндер қандай болады?

Арың сақта, болсаң да малға кедей!

А. Әбілхан