Жаңа жыл – 2015. Жұлдызжорамал: Торпақ

Жаңа жыл – 2015. Жұлдызжорамал: Торпақ

Жұмыстан қатты шаршап жүрген Торпақтар үшін Қой жылының берер сыйы мол болмақ. Бірақ, жақындарыңызбен түсініспеушілік орын алуы мүмкін. Қарым-қатынасыңыз үзілген жандармен байланыс орнатудың, кәсіби ортада көшбасшылық қабілетіңізді танытып, бойыңызда жасырынып жатқан талантыңызды көрсететін уақыт туған секілді. Ойлаған дүниеңіз нәтижелі болу үшін өзіңіз қадам жасауыңыз керек. 

Мансап. Жұлдыздар кей Торпақтардың жалыққан жұмыстарын тастап, жаңа қызметке ауысу ықтималдығы барын айтса, кейбіреулерінің шекара асып, қызмет жасауы әбден мүмкін екенін айтады. Ал енді біреулері өзінің жеке кәсіпкерлігіне жол ашып, өз бетімен биік белестерді бағындыратынын баяндайды. 

Қаржы. Өз ақшаңызға мұқият болыңыз. Аса тани қоймайтын адамға қарызға үлкен көлемде ақша беріп, сан соғып қалмаңыз. Сәуір және тамыз айларында көптеп ақша шығындайсыз. Сауда жасау кезінде ойланыңыз. Жұлдыздар кейін жаңа табыс көзі ашылуы ықтималдылығын айтады. Осы орайда Торпақтардың басты міндеті – жылдың алғашқы жартыжылдығында көптеп ақша тауып, кейін қаржы жинауы тиіс. 

Денсаулық. Қой жылы Торпақтарды жыл соңына дейін үлкен күш-қуатпен жігерлендіріп отырады. Соған орай, ойлаған мақсаттар жүзеге асады. Жанұяңызбен отырып демалу сіздердің араларыңыздағы сыйластықтарыңызды арттырып қана қоймайды, энергетикалық жігеріңізді қалпына әкеледі. 

Махаббат. Ең қызығына да келдік-ау, әйтеуір. Торпақтар жылдың басында бір көргеннен ғашық болуы мүмкін. Және ол жақтан да қарсылық тумайды. Психологиялық шабуылдар болмауы және көңіліңіз қалмау үшін айналадағыларға көп сене бермеңіз. Осы жылда кезіккен жанмен отбасы құруыңыз мүмкін.

Сурет: 380015.websu.web.hosting-test.net

Е. Жұмабайұлы