Соңғы барған концертіңіз

Соңғы рет қандай, кімнің концертіне бардыңыз? Қалай өтті?

Есімде жоқ, демек концертке бармағалы көп болыпты. Былтыр БИ-2 ның концертіне барғам, керемет өткен.
Соңғы айда біраз концерттерге бардым. Өте ұнады! Ерекшесін айтар болсам, Айгүл Үлкенбаеваның шығармашылық концерті
алдындаааа 8 наурызда "Нысананың" концертіне барып едік сыныппен, ата аналарымызбен сосын ұстаздарымыз бәәәәріміз шұбырып :lol: :lol:
Марат Бисенғалиевтің симфониялық оркестрінің концертіне бардым. Керемет әсер алып қайттым, классика деген керемет дүние ғой, шіркін!
концертті білмеймін, қазір ғана "Сүйе білсең..." деген қойылымға барып келдім)))
"Отырар Сазы" оркестрінің өнеріне тәнті болып қайттым
Отырар сазы оркестірінің концертіне бару сәті түспей қойды, соңғы барған концертім: Алдараспан
K-top Idols-тың финалдық концертіне басрдым, бәрі жанды дауыста өтті, Али Оқапов, Ғалымжан Молданазар, Орда жанды дауыста ән айтты. Күштті өтті