31 арнада 2 жаңа телетоптама

Күннен күнге көздің жауын алатын салтанаты мен сәні келіскен Түрік телехикаяларының саны, сонымен бірге сапасы да артып, мазмұны да ерекшеленіп келеді. сондай ерекше телетоптамалар 31 арнада 4 қаңтар, яғни бүгіннен бастап, кешкісағат 20.00 мен 21:00-де эфирге шығады. Оның бірі "Мезгілсіз сезім" деп аталады. Мұнда Қазақстандықтарға "Фатмагүл" телехикаясынан жақсы таныс Берен Саат ойнайды.
Ал екінші атауы ерекше "Әке. Жер. Ғашық" атты телехикая тақырыбының сонылығымен де көрермендерді қызықтырады деп ойлаймыз... блогымда олар туралы таратып жазасмын. Ал, телехикаяны ұнатушылардан осы сериалдар туралы пікірлерін білгім келеді.

Түрік сериалдарынан қазір арналарда жүріп жатқанын бір-екі рет шолып өттім. "Дениз" дегені қызық ) Соны уақыт болғанда көремін. Ал Юсуф арқылы танылған актер ойнайтын анау сериал бар ғой, сол сондай тартымсыз. Күрделі етіп түсіргісі келгенімен, ойдағыдай шықпаған. Сосын оны көрей қойдым. Ал сіз айтып отырған сериалдарды көреміз ғой енді, басқа не бар көретін біздің арналарда? :oops:
Теледидарға оның ішінде телехикаяларға аса жақын емеспін. Сондықтан да, ештеңе де айта алмаймын(((((
Ал 31 арнада, Мезгілсіз сезім телехикаясынан кейін беріліп жүрген "Әуе. Жер. Ғашық" филімі өте ерекше және әсерлі. мұндағы актерлар танымал емес, алайда екеуі де әр жылдары Түркияның ең сұлу арулары атанған. Дүйсенбі жұма 21:00-де ал, жұмада 22-00де қарап көріңіздер!!
[youtube]www.youtube.com/watch?v=nL85zB8xrxQ[/youtube]
"Мезгілсіз сезім" телехикаятың кітап авторы Халит Зия Ушаклыгил. Телехикаяның бастамасында, анасын жазаландыруды көздеген жас қыз, мезгілсіз маххабатқа кезіккені туралы... :roll:
эх махаббат
Түрік хикаялары махаббатты жырлайды. Бір байқағаным, мұндай телехикаяларда өлім де, жаза да, қылмыс та кеңінен орын алады.
1 арнадағы телехикаялар күннен күнге қызықты болып, тартымдылығы артуда! Мезгілсіз сезім және Әуе. Жер. Ғашық. жұмыс күндері кешкі 20:30 бен 22:30 аралығында болса, әйгілі Фатмагүл телехикаясы 18:30-да эфирге шығады...
ай маған массагеттегі блогтардан артық сериал жоқ - кілең артистер отырған! :mrgreen:
Қазір ваще сериал қарамайтын болдым. Сериал дегеннен жалықтым. Бәрі бір сарындағы оқиғалар. ТВ қарағанда да, пультті алып, барлық каналдарды бір шолып өтем, егер жақсы фильм болып жатса қараймын.