Мұражайға барып тұрасыз ба?

Шын айтыңыз :)

Арнайы топпен барғым келмейді, ал жалғыз өзім бара салу қиындау маған) әйтпесе, әр экспонатқа қараааап, ойланып жүрген әсерлірек қой, шуылдақтармен топырлап, гид қайда бұрылса еріксіз солай бұрылып жүргенше... Ішім пысып кетед ондайда шыным...
Барамын. Тек түсінбегенім, "бармаймын" десем не болады
Бұрын мектепте жүргенімде көп бару едім. Алматыға келгелі бір рет қана барғанмын
Алматыда тұрғасын, "сол мұражай қайда қашад дейсің, сосын барам" деп жүре бересің ғой. Мектепте топырлааап баратынбыз, сосын апайың: "әй, бері кел, ары кет!" деп есіңді шығарад, сосын барғың келмейд)
Студент кезімізде ағайымыз апарған. Мұхтар Әуезов мұражайына. Сөйтіп біреу жүр, жүрлемесе, өздігімнен барып тұрмайды екем :roll:
Алматыда тұрғасын, "сол мұражай қайда қашад дейсің, сосын барам" деп жүре бересің ғой. Мектепте топырлааап баратынбыз, сосын апайың: "әй, бері кел, ары кет!" деп есіңді шығарад, сосын барғың келмейд)

Дурыс айтасыз. Алматыда тур гой! Қайда қашады ия ?
Мұражайға барғанды жек көремін. Сол үйдің тыныштығын бұзатындай болып тұрамын. Содан кейін бармай-ақ қоя салам.
Галереяға барғанды ұнатамын. Қазір "Арт-Самал" галереясында Есенғали Садырбаевтың көрмесі өтіп жатыр
Баруға мұражай таппай жүрмін.