Жұмақ мекен туған жер

"Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық" дегендей әр пенде өз топырағын аңсайды. Қарап отырсам, барлық қолданущалр кең байтақ Қазақстанның әр аймағының тумасы.
"Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа" деген бар. Қазақстанның батыс, шығыс жақтарында өскен достарым бар. Олар өз салттарын я сөздерін айтқанда таңырқай қарайтынмын.
Бұл бөлімде әрқайсысымыз өз туған өлкеміз туралы айтайық.

Өз басым, Алматының аппақ қызымын. Алматыдан алты қадам ары баспаған мен өз өлкемнің салты мен тарихын жақсы білемін. Сол үшін де маған өзге аймақтар жайлы ақпарат қызықты.

Қызылорданың қара қызымын десең иә :D
Мен өзім Алматыда туылсам да, менің әкем Семей өңірінен. Сондықтан көбіне-көп шығыс жақтың салт-дәстүрін ұстанамыз. Шығыстықтар "қаяқта, ояқта, бұяқта" деп сөйлемейді. Менің атам бұрын осылай айтып қалсам ұрсатын. Дұрыстап сөйлеңдер деп. )
Мен Қостанай облысының Ахмет, Міржақып аталарым туған Торғай топырағында дүниеге келдім. Бұрындары Қостанай облысы мен Торғай облысы екі бөлек болған соң ба, әйтеуір Торғайдың адамдарын Қостанайлықтар көбіне жатсынады. Оның үстіне Торғай жері нағыз қазақы, өздеріне тән салт-дәстүрлерді берік ұстанған өңір. Тұрғындары таза қазақ тілінде сөйлейді. Тіпті орыстары да қазақша сөйлей береді.
Ал Қостанайға жақын жатқан атаулары орысша аудандарда көбіне өзге ұлт өкілдері басым.
Қазір Қостанайда "торғайлықтар" көбейіп, қазақыланып келеді.
"Туған жердің түтіні де ыстық" дегендей, туған ауылымның өзі тұрмақ, түтінінің иісін де сағынып жүрмын.
Болашақта Қазақстанның барлық қалаларын аралап шығуды армандаймын. Өз елімнің әр облысындағы тұрғындардың тыныс-тіршілігі, салт-дәстүрлерімен танысқым келеді.
мен Оралдың Ордасынанмын. Оралым шағын қала болса да, ол ең сүйікті жерім! :)
Қазақтікіндей жер қандай...
Жұмақ мекен туған жерім - маңғаз Маңғыстаудағы ақ маржан қала Ақтауым!.. Ақтау деп соғады жүрегім, Ақтау деп үнемі ән салам))). Туған жерің бәрінен де ыстық. Туған жерге деген махаббат, туған жерге деген сағыныштың не екенін жырақта жүргенде ғана түсінеді екенсің. Тулаған теңізін айтсаңызшы!!! Шіркін, мен үшін нағыз кереметтің өзі!!! Ақтауымды сағындым, теңізін сағындым...Біздің жаққа ат басын бұрып, жолыңыз түсіп жатса, нұр үстіне нұр. Теңізбен сәлемдесіп кетерсіздер...)))
Біздің Шымкентті барлықтарыңыз білетін шығарсыздар ия :mrgreen:
Қазақстан жақсы ғой
[b:15azl7rq]Жерұйық көрем десең - Кегенге кел![/b:15azl7rq] :)