Планшет әлде кітап?

Жастарымыз күндіз-түні тастамай қолдарына қойын дәптеріндей ұстап жүретін планшеттер кітапты алмастыра ала ма? Әлде кітап көтірп жүргенше жеңілге жүгінген жөн бе?

Мен әлі планшет ұстап көрмеппін. 8-)
Планшет - жай ғана фаст фуд орыны сияқты, ал газета, кітап - ресторан))
Заманға сәйкес планшеттер мен еbook-тарды қолданған ыңғайлы.Бірақ олар ешқашан кітаптың орнын баса алмайды. Кітапты қолыңа ұстап,сезініп оқымағасын қызықсыз әрине... ;)
Кітап, кітап және де кітап!
Планшет! Планшеттің көзге зияны болмаса, кітап модадан қалды.
Меніңше, кітаптың орны бөлек. Қолыңа ұстап, шұқып тұрып оқығанға не жетсін..
Планшет! Планшеттің көзге зияны болмаса, кітап модадан қалды.


дұрыс айтасыз, заманның жастары үлкендердің сөзіп бағып, кітап деп қатып қалған, Бір ғасырларда кітап деген ұғымның орнына тастан оқу деген болған. Сол сияқты жаңа ғасырдың жаңалығы кітаптың орнын басар деген ойдамын. Әзірше кітаптың өмір сүріп қала бергені дұрыс. Меніңше, кітаптар мейлінше шағын, ықшам қылып шығарылса екен. Жолда кетіп бара жатып оқи беретіндей болайық...
автобуста планшеттен оқып отырғандарды көрсем қуанып қаламын, тіпті қызығып кетемін) қайдан болса да оқысыншы, оқымаса қайтер едік?
Маған десе кітапты таңдар ем