Бұлшықет және оған қатысты

[b:16kyp4lf]Бұлшық ет өсіруге көп адам құмар... Ал, сіздің бұл туралы пікіріңіз қандай? Әйел адамдардың бұлшықеттерін қатайтуға көзқарастарыңыз қандай? Бұлшық етті өсірудің ең тиімді жолдары қандай?[/b:16kyp4lf]

[quote:3g2zxl1h][b:3g2zxl1h]Бұлшық ет өсіруге көп адам құмар... Ал, сіздің бұл туралы пікіріңіз қандай? Әйел адамдардың бұлшықеттерін қатайтуға көзқарастарыңыз қандай? Бұлшық етті өсірудің ең тиімді жолдары қандай?[/b:3g2zxl1h][/quote:3g2zxl1h]
Ең тиімді жолы, әрине, тренажерный зал. Меніңше әйелге де, ерге де бұлшық етті қатайту артық етпейді. Ол жақта арықтауға, не салмақ қосуға арнайы бағдарламалар бар. Мысалы, арықтау үшін калорияларды жүгірумен кетіру болса, толу үшін көп салмақ көтеріп, көп тамақ жеу керек болады. Меніңше әйел адамға ешқандай зияны жоқ. Бәрі шегімен болса, әрине.
Ең бірінші жас баланың қатайып алуы үшін, денені шынықтыруы үшін жеңіл атлетикамен айналысқаны дұрыс. Сымбаттылық осы кезден бастау алады.
Ер жігіттің бұлшық еті бұлқынып отыруы тиіс
қысқаша айтар болсам, дәрісіз бұлшық ет өсірудің бірнеше негізгі принциптері бар.

1) Салмақты біртіндеп өсіріп отыруға тырысу.
2) Жаттығу техникасын бүге шүгесіне дейін меңгеру, (яғни сақтық шараларын меңгеру)
3) Тамақ ішуіңізді жүктемеге сай түрлендіру (неғұрлым ауыр жаттығу, соғұрлым мықты тамақтану)
4) Жиі тамақтану. -5-6 рет
5) Мүмкіндігінше барлық бұлшық еттерді біркелкі шынықтыруға тырысу (кейбір ақымақтар тек көрінетін бұлшық еттерді өсіреді, ал ол өз кезегінде травмаларға және омыртқаның қисаюы, немесе тепе-теңдгі бұзылған дене бітіміне әкеп соқтырады, қарын пресі, қолдың бицепстері әрине әдемі, бірақ аяқ пен жауырын, бел еттерін де ұмытпаймыз 60 пайыз бұлшық ет массасы аяқта)
6) Салмақ қосу үшін : араға екі-үш күн демалыс салып отыру керек
7) Дұрыс ұйқы. Кемінде 8-сағат үздіксіз ұйқтау керек. Бұлшық ет тынығу кезінде өседі.
нәзік жандыларға бұлшық етті өсірудің қажеттілігі жоқ деп санаймын
Қыздарға қажет емес деп ойлаймын
Мен бұлшық ет жинау мақсатымен спорт залға барамын. Сонда байқағаным, орыс қыздар өте көп. Фигуралары ат болса да, ерінбей өздерін күтіп ұстайды. Тағы ұлтқа бөлінгенім емес, әзірге байқағаным осы болып тұр. Бізде кішкене май шықса болды, ойбай диетаға отырып жатырмын, отырамын, анау мынау деп көп сөйлегеннен басқа іс жүзінде соны көрсете алмай жатады. Көп сөзден іске көшкен жөн. Сымбатты болу ешкімге артық етпеген. Және спортивная фигура болған өте тартымды деп ойлаймын. Өзіме ұнайды, ұнататын да адам табылатынына сенімдімін.
Әдемі де сымбатты формада жүргенге не жетсін. Ең бірінші кезекте ер баланың бұлшықеті мығым, кеудесі өр, тәні бекем болуы тиіс. Қыз баласының спортпен айналысқанын қостаймын. Болашақ ұрпақты мәпелеп өсіретін солар. Сондықтан :)
Өр көкірек десей :lol: