Бақытты болуға не кедергі?

Жалпы бақыттысыз ба? Бақытты болу үшін не жетіспейді? Немесе сізді не бақытты етеді?

Аллаға шүкір, бақыттымын! "Бақытқа сенемін, армандай беремін!" деген ән бар еді ғой... Барыммен бақыттымын әзірге... Болашақта да бақыт үстіне бақыт қосыларына кәміл сенем...
Мен де бақыттымын) шүкір бар нәрсеме
жартылай бақыттымын... көп еңбек ету керек шығар
жартылай бақыттымын... көп еңбек ету керек шығар

неге жартылай??? :(
бақытсызбын деу "күпірлік болар"...ал бақыттымын деуге себеп көп...
Бақытты болуға не кедергі ақша кедергі, бірақ керегі де ақша :lol: :lol: :lol:
Аллаға шүкір! Бақыттымын!!!! Осы бақыттан айырмасын!
Тоқтықты да жоқтықты да білем, ақшаның барын да жоғын да көрдім, күлдім де жыладым да. Енді келіп едім БАҚЫТСЫЗБЫН! БАҚЫТ ҮШІН ПӘЛЕН КЕРЕК, ТҮГЕН КЕРЕК деп отырсам күпірлік қой! Біреулер үшін байлық бақыт, біреу үшін бала бақыт, бәрін де түсінем, әркім өзінде жоқ нәрседен бақыт көрсе бұл да бір жазылмаған заңдылық. Тек жүректе иман болмаса жылдар бойы тер төгіп тапқан байлықтан, сарғая күткен баладан толыққандылық сезілмес болар.
Бақыттымын, бірақ болар-жетер дегенім емес, бұдан да бақытты бола бергім келеді.
барға шүкір етумен жүрсеңіз, іздеген бақытыңызға жетіп қаларсыз