Менің алғашқы ұстазым...

Мұнда алғашқы махаббат емес, алғашқы хат туралы емес, барлығымызға ең алғаш қалам ұстатқызып, әріп танытқан, қалай отыруды, қалай жүруді, қалай дұрыс сөйлеуді үйреткен алғашқы ұстаздарыңыз туралы сыр шертсеңіздер...Бәрімізде алғашқы ұстаз алдында қарыздар емеспіз бе? Тым болмаса осы жерде олар туралы естеліктер жазып қалдырайық!

Гүзлағира және Ләззат! менің алғашқы ұстаздарым! менің әдебиеттегі ұстазым - Көрпеш Байжарасова! аттарыңыз мәңгі жүрегімде!
Менің ең алғашқы ұстазымның есімі - Мұсаева Нағима. Өте сұлу апай еді, сөйлегеніне, бет-ажарына қарап отыра бергің келетін...Апайдың ең көп айтатын сөздері: "Жүгермектер" еді, сосын, "Бұлардың бәрі- қызы да, ұлы да, шеттерінен ақпақұлақ, бір құлақтарынан кіріп, екінші құлағынан шығып кетеді", -деп күйінетін де жүретін...Сол кезде қадірін түсінбептік, қазірғой сағынасың! Апай ұрысса одан жаман адам жоқ болып көрінетін, әсіресе көбейту кестесін жаттамай келсең, сағаттап аяғыңды көтергізіп, бұрышқа тұрғызып қоятын. Өзі әнді керемет айтушы еді, ән айтса, маужырап ұйқың келе беретін...Мектепке соңғы барғанымда апайды көрдім, шашы қатты ағарып кетіпті. Сол шашты ағартқан біз, біз секілді мақаулар ғой деп, ұялып кетттім... Айта берсең көп қой...Тек осы сәтті пайдаланып, ол кісінің алдында бас иетіндігімді айтып кеткім келеді!
Ғафира апай! Әлемдегі ең керемет)
Ақмарал Апай...
:o мәәә, ұмытып қалыппын. Қой мамамнан сұрап келейін.
Балганым апай
мен ұстазымның кескін-келбетіне бірде-бір рет тіктек қарап көрмеппін. кескінің содан көз алдыма келтіре алмайм. бірақ, ұстазым айтқан әр сөз құлағымның түбінде, жүрегімнің төрінде тұр. Мен істеген әр жақсылық сол кісінің арқасы.
сол кісі болмаса қазір кім боларым белгісіз еді. Сол кісі маған өмір сүруді өзін үйрен деген...
Гүлзат екен есімі. Біздің көшеде тұратын, кейін көшіп кетті. Маған 1-сыныпта ғана сабақ берген, кейін көшіп бере алмай қалды. 11 сыныпты бітіргенде келді, бізді танымайды, әрең есіне түсірдіғой. Қазір завуч ау деймін.
Зәуре апай!