Оқысаң, ойландырар талай мән бар...

Оқысаң, ойландырар талай мән бар...

Зымырап бара жатқан пойызда бір қария аңдаусызда өзінің жаңа ғана сатып алған, су жаңа аяқ киімінің бір сыңарын терезеден түсіріп алады. Маңындағы жұртшылық қарияның көңілсіздігіне бас шайқай әттеген-айлап тұрғанда, әлгі қария ойланбастан екінші сыңарын да терезеден сыртқа лақтырып жібереді. Мұны көрген жұртшылық аңтарылып қалғанда, әлгі қария түсіндіре: «Бұл аяқ киім қаншалық қымбат болса да, қазір оның мен үшін ешқандай да құны қалған жоқ, ал егер басқа біреу бұл бір жұп аяқ киімді тауып алса қажетіне жаратуына болады ғой» дейді.

Орны толмас өкінішке азаптанып уақыт өткізгеннен гөрі, оны ертерек ұмытқан жөн.

Әйелі ас үйде тамақ жасап, әбігерленіп жатқанда күйеуі жанына келіп ауыз жаппай сөйлеп мазасын ала бастады: «Ақырын, абайла, от тым күшті болып кетті, май қызды, тым көп салып жібердің, тұзды азырақ қос, балықты тез аудар...»

«Ойбай!» әйелінің шыдамы кете айғайлап жіберді.

«Мен қалай тамақ жасауды білемін!»

«Солай, сен білесің жаным, - деді күйеуі аспай-саспай, - Мен тек саған, мен көлік жүргізіп отырғанда сен жанымда осылай мазамды алғанның қандай әсер беретінін сезіндіргім келген!» деді.

Басқаларға кешірімшіл болудың түк те қиындығы жоқ, тек қарсы жаққа өзіңізді қойып бір рет ойланып көрсеңіз ғана жеткілікті.

Өмір бойы ағашшылықпен айналысқан қарт қызметші демалысқа шығу алдында тұр. Бастығы оны қия алмай, ең соңғы рет бір үй салып беріп, сосын демалысқа шығуын өтініпті. Ағашшы келісімін беріпті. Бірақ жұмысқа титтей де құлқы болмай, тым салғырт, қолының ұшымен істепті. Ағаш материалдары да сапасыз, жөнді бір үйді тұрғызыпты. Жұмыс аяқталған соң қожайыны келіп бұл үйдің демалысқа шыққалы тұрған өзіне тиеселі екенін айтып, құттықтап, жөніне кетіпті.

Бұл салғаны өзінің үйі екенін білген ағашшы қатты өкініпті.

Өмірде барлық істі өз ісіңдей көріп атқарсаң ғана одан бір нәтиже шығуы мүмкін.

Бір күні үйдің сабалақ құйрық көр тышқаны абайсызда жарты шелек күріштің ішіне түсіп кетіпті. Ол ойда-жоқта мұндай мол олжаға кенелгеніне мәз болып, маңында басқа қатердің жоқ екенінен көзі жеткен соң, күріштен тоя жеп ұйықтап қалыпты. Осыдан кейінгі күндерде тышқанның тамаша өмірі жалғасып жатады. Әрине, қамсыз күндер тым ұзаққа бармайды. Ол күріштің аз қалғанын сезсе де, оны қиып тастап кетуге көзі құрғыр жібермепті. Ақыры күріш те таусылыпты. Енді тышқанға шелектен шығу мүлде мүмкін емес еді. Ол осылайша шелектің ішінде аштан өлді.

Қазіргі өмір қам-қайғысыз болғанымен, басымызға қауіп пен қатер, қиыншылық кез келген уақытта түсуі мүмкін. Әне, соларға дайынсыз ба?

Қоян бір күні көл жағасына балық аулауға барыпты. Өкінішке орай бірінші күні қармағына ешқандай да балық ілінбепті. Екінші күні де құр қол қайтыпты. Үшінші күні де солай. Төртінші күні мүлде тым сызбапты. Бесінші күні көл жағасына келіп, қармағын құрып жатқан қоянға көлден бір балық секіріп шығып: «Сен бүгін сәбізді тағы жем етпекші болсаң көретінді көресің!» депті.

Сенің бергің келгені тек қана сенің «бергің келгені», әсте оның «алғысы келгені» емес, өзіңнің ғана ойыңмен жасалған кез келген іс қашан да бағасыз.

Жазушының досы дәрігер еді. Бірде оның алдына қатерлі ісік ауруына шалдыққан бір науқас келіпті. Оның ауру бөлігін кесіп алып тастауға операция сәтсіз аяқталып, жара қайта тігіліп тасталады. Операция жасатқан кісі дәрігерлердің медицналық сөздерін түсінбей, ауруым жазылды деген оймен ауылына қайтып кеткен. Бір жылдан кейін қайталай тексеруге келген әлгі кісі тексеру нәтижесі бойынша ауруынан құлан-таза айығып кетеді. Сосын медицина ғылымдарының докторы болып жүрген жазушының досы, бұл саланы тастап, писхология ғылымын зерттеуге ауысады.

Көтеріңкі көңіл-күй ғана науқастың ең жақсы емі.

Сол жылы ол кофеханада досын күтіп отырғанда, бір бойжеткен қасынан өтіп бара жатып: «Сен Уан жеңгейдің таныстыруымен қалыңдық іздеп келдің бе?» деп сұрады. Ол басын көтеріп бажайлай қарап еді, бұл бойжеткен дәл өзі армандап жүрген, көкейіндегі көптен күткен аруы екен. Ол аз-кем іштей ойланды да, не де болса тәуекел деп: «Иә, мен боламын. Кел отыр...» әңгіме бастап кетіп еді.

Той күні түні ол әйеліне бар шындықты айтты: «Дәл сол күні мен сені іздеп бармаған едім... Тіпті Уан жеңгейді де танымаймын» деді.

Әйелі де күлімсіреп: «Мен де ондай адамды танымаймын, тек сенімен танысу үшін әдейі айтып едім...» деді.

Орайы келгенде ойланып тұрма, қарманып қал!

(Жалғасы бар) сілтеме арқылы өтіңіз

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: nipic.com

M. Auelkhan