Футболшы болам десең...

Футболшы болам десең...
жеке
блог

Футбол деген ойынды қалай түсінеміз? Мақсат , бағыты қайда жатыр? Футбол жалпы қандай ойын? Бұл бұрыннан келе жатқан және осы замандағы ең үздік спорт түрі деп айтасақ қателеспеміз. Бұл ойын миллиондаған адамдардың жүрегін жаулап алды. Көптеген талантты , еңбекқор адамдардың арасынан, осы домалақ допқа икемі бар адамдар саптың ішінен сытылып шығып , әлемге әйгілі футболшылар атанды. Оны біз әрине теледидардан , ғаламторлардан кімнің қалай ойнайтынын көріп таңданамыз. Солардың ішінен өзімізге ұнайтын ойыншыларды таңдап, соларға еліктейміз. Бұл жағдай әр балаға , яғни футбол жанкүйерлеріне таныс жағдай емес пе? Әрине, бұл дәл түскен сөздер.

Енді өзіміздің елдегі футболға көз жүгірте өтсек, бұл спорт ойыны біздің елде де бұрыннан келе жатқан ойын. Ол сонау 1911 жылы Семейде жергілікті қазақ және татар жастарының арасынан құрылған «Жарыс» командасында өнер көрсеткен  Мұхтар Әуезов атамыз сол жылдардан бастап бізге футбол ойынын бет бұрды деп айтсақ қателеспейміз. Яғни, еліміздегі футбол ойынының қалаушыса деп айтсақта болады. Міне сол уақыттан бері біздің елде футбол спорт ойыны жалғасып , енді қазіргі технологиялар дамыған заманда қанатын кең жаюда. Бірақ сөздің шыны керек, біз футбол ойынынан көптеген елдерден артта қалып қойдық. Бұның себебі неде? Міне , осы сұраққа дәл нақты осы күнге дейін жауап іздеудеміз. Және де алдағы уақытта міндетті түрде осы сұраққа жауабын тауып, еңбегіміздің жемісін халықаралық дәрежеде көрсететінімізге мен үлкен сенімдімін. Ал ол қалай болмақ? Ол, әрине біздің артымыздағы ұрпақтарымыздың қолында. 

«Шынықсаң – шымыр боласың» демекші, дене жаттығуы адам баласына қашан да пайдалы. Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің де бір тәсілі – спорт. Спорт - адам денсаулығын нығайтып, өмірін ұзартатын, көңілін көтеретін, ерекше әсер қалдыратын процесс. Спортпен  жастайынан айналысса, ол баланың өмірге деген көзқарасы өзгеріп , жақсы жаққа қарай ауады. Сонымен қатар, жаман қылықтардан аулақ болады. Яғни, темекі, ішімдік, нашақор деген жаман нәрселерден алысырақ жүретін болады. Сонымен қатар өзін сыйлайтын әр спортшы гигиенаны сақтайды. Бұл да улкен бір жақсы қасиет. Тағы бір айта кететін жағдай, спортпен шұғылданатын баланың, адамның асқа деген тәбеті жақсы болады. Оған себеп спортшы организміне жаттығудан кейін  көптеген ақуыздар мен көмірсулар, витаминдер керекті етеді де, сол арқылы адамның дене бұлшықеттері өсіп , демалады. Сол себепті олар кез келген дұрыс тағамды қабылдайды.

     Жастарымыздың дені сау, келешекте мықты ұрпақ қалдырсын десек, оларды қазірден бастап қолға алумыз жөн. Ол қалай іске аспақ? Бұл сұрақтын жауабын тәлім – тәрбие мен спорт арқылы дамытуымыз қажет. Ал енді спорттың түрі өте көп, бірақ айтып өткендей миллиондаған адамдардың жүрегін жаулап алған спорт – футболға тоқталайық. Бұл спорт түріне баланы жастайынан беріп , қызықтыруымыз қажет. Өйткені бала кішкентай кезінде әр нәрсеге қызығушылық танытытып, ол заттың анық – қанығын білгісі келетін жас. Сондықтан баланы футболға деген құштарлығын оята білуіміз қажет. Бұл істі қалай орындаймыз? Ең алдымен 4-5 жастағы баланы футбол үйірмесіне алып келіп, оны жұмыстың астына алмай, ең алдымен баланың құштарлығын оята білу керек. Яғни, әр түрлі қызықты жаттығулар , эстафеталық ойындар , отбасылық жарыстар жәнеде т.с.с. Осы арқылы жас балалардың футбол ойынына деген қызығушылығын оятып , олармен ары-қарай жұмыс жасаумызға болады. Енді балалардың есі кіріп , оң-сол жағын таныған кезде ол баланы футбол ойынының әдіс – тәсілдеріне үйретуге болады. Ал әдіс – тәсіл дегеніміз не деген сұрақ туындап тұр? Ол әр түрлі финттар, допты тоқтату әдістері, пас беру әдістері, допты сырттан (аут) лақтыру әдістері болып саналады. Ол әрине, өте ұзақ уақытты , шыдамдылықты талап ететін жұмыс. Сонымен бұл жас аралығында көбінесе осы техникаға көп көңіл бөлуі керек. Мысалы, ол фишкаларды, конустарды алдау, қақпаға дәл соққыларды тигізу, бағаналарды алма – кезек алдау, олардан секіру және де т.с.с. Уақыт келе 13-16 жастағы балалардың физикалық қасиеттеріне көңіл бөлгеніміз абзал. Өйткені дәл осы кезде әр балалардың физикалық қасиетінің дамитын кезеңі. Бұл жерде жалпы шыдамдылығы , ол кросс арқылы , ұзық қашықтыққа жүгіру, сонымен қатар спринттік жүгірістер (100-300-500) болып саналады. Айта кететін жағдай, балалардың барлығына бір жүкті артпай , оладың дене мөлшеріне , жүрек , қан тамырларының соғысына қарап  бөле білуіміз қажет. Сонымен жаттықтырушы балалардың сырттай және іштей жағдайыне ескеруі қажет. Жаттықтырушы бір жағынан психологта бола білуі керек. Міне, сонда біз өзіміз қойған мақсатымызға , яғни , дайын , сапалы футболшыларды өсіретінімізге сенемін.

Енді ой - пікірге көз жүгіртіп өтетеін болсақ, онда міне өз ойымен бөлісіп өткен бауырымызСанжар Сағынайдың айтқанына көңіл аударайық:

«- Мен болашақта атақты Пеле, Месси, Рональдо сияқты футболист болғым келеді. Бірақ...
Спорттың королі саналатын футболдың Қазақстанда дамымау себебі неде? Менің ойымша мынадай себептері бар:
1. Футбол көп мөлшерде қаржыны қажет ететін ойын. Байқасаңыз еліміздегі футбол клубтарының командалық бюджеті төмен.
2. Қазақстан футбол клубтарының ойыншыларының көпшілігінің тәжірибесі жоқ.  Ал тәжірибесіз ойыншылар команданы артқа сүйрейтіні белгілі. 
3. Тәжірибелі бапкерлер де жоқ. Команданы алға сүйрейтін көшбасшы керек. 
4. Қазақ футболының тағы бір кемшілігі жарқыраған алаңдарымыз жеткіліксіз. 
Ал Еуропа жарысын қабылдайтын бізге тәжірибе керек. Қазақстан жыл сайын оқу – жаттығуларын Ресейде немесе Түркияда өткізеді. Неге өзіміздің елде өткізбеске? Ол елімізде жаттығу жасайтын алаңдардың жоқтығынан. Тағы бір таңғалатыным, Қазақстан футбол құрамасы еліміздегі талай талантты ойыншыны байқамай, неге басқа елден шақырады. Қазақстан футболынан Бразилияның тамаша дриблинттерін қашан көреміз екен?
Әрбір ауылда футбол үйірмелерін ашу керек. Ал жастардың футболға деген қызығушылығын арттыру қажет. Ауылдық жерлерде жасөспірім балалар лигасын өткізілсе нұр үстіне нұр болар еді. Сонымен қатар, спорт телеканалдарын арттыру қажет. Сонда біздің елімізден де Месси,  Руни, Рональдо сияқты супер ойыншылар шығар еді. 
Қазақстан футболында жанкүйер аз ба? Жанкүйерлердің футболдан көңілдері қалған. Ата – аналардың көбісі балаларының футболшы болуына қарсы. Неге? Өйткені Қазақ футболының болашағы жоқ деп ойлайды.  Елімізде 16 миллион халықтың бар жоғы 5 миллионы ғана футбол қарайды. Қалғандары үшін еріккеннің ермегі. Әрбір ата – ана баласының футболшы болам деген арманына су сеппей, керісінше қолдаса екен".

Міне, Санжар Сағынайдың айтқаны дұрыспа? Кішкентай балалардың өздері Қазақстандағы футболдың неге баяу қарқында дамып жатқанын біліп отыр. Енді  осы сөздерді бос қалдырмай, нақты түрде қолға алып іске асырсақ,  сонда еңбегіміздің жемісін көрер күн алыста емес.

Өз басым бұл спорт түрімен 9 жасымнан бастап айналысып келемін. Бүгінгі күні де кәсибі футболшы атанып, еліміздің танымал командаларда өнер көрсетіп келемін. Бұл спорт түріне қызығушалығым Алланың маған дарытқан сыйы деп білемін. Асқар тау әкем де футболмен кәсіби түрде айналысып, менің осы спорт түріне деген қызығушылығымды оята білді. Осы күнге дейін отбасым, жора-жолдастарым, туған-туыстарым менің әр жетістігіме куә болып, қолдау көрсете білгендеріне алғысым шексіз! 

 

 

                                                Қостанай Мемлекеттік Педагогикалық Университетінің

                                                4 курс студенті Тұрғара Шыңғыс Қуанышбекұлы