Алып / Моя девушка – монстр / Colossal

Алып / Моя девушка – монстр / Colossal
жеке
блог

Энн Хэтэуэйдің киноларын қараған қызық, өзіндік бір актерлық ерекшелігі бар. "Уау!" дегізбесе де, ішің пыспайды. Энн Хэтэуэйдің еркелігі бір түрлі жақсы әсер қалдырады.

Кино туралы не айтуға болады? Кино орыс тілінде неге "Моя девушка - моностор" деп аударғанын білмеймін, себебі атау мен киноның желісі как то үйлеспей қалған. Киноға бара жатқан кезде аздап басқа нәрсе күтіп баруыңыз мүмкін, ал ол жерде басқа...

Сауық-сайранмен өмірін өткізіп жүрген Глорияны аяқ асты жігіті тастап кетеді. Амалы таусылған ол ауылына қайтады. Сол жерде ол бұрынғы сыныптасы Оскармен жолығады. Қайта сауық құрып жүрген қыз аяқ асты өзінің Алып екенін біліп, өмірге деген көз қарасын өзгерте бастайды. Ол тек басқа адам ғана емес, халықты қорғаушы боп шыға келеді...

Кино - фантастикалық комедия болғандықтан біраз жақсы көңіл сыйлары анық. Маған ұнағаны киноның аяғының біз күткендей аяқталмауы. "Ой, бәрі түсінікіті" деп отырған жеріңнен оқиғаның басқа арнаға бұрылуы қызық болды. Бұны трейлерден байқау мүмкін емес.

Энн Хэтэуэй өзі продюссерлік еткен кино болғандықтан бар күшін салғаны көрініп тұр, дегенмен еңбек ақталған сияқты. Көріп бағасын беріңіздер!