Қаһар / Fury / Ярость 16+

Қаһар / Fury / Ярость 16+
жеке
блог

Жалпыда 2- Дүниежүзілік туралы киноларды көп көрмеймін, жүрегіме қатты ауыр алғандықтан қарай алмаймын. Мен үшін соғыс туралы кино көру "Сволочи" фильмімен аяқталған болатын. Алайда, америкалықтардың осы соғысқа деген көз қарасы олар түсірген нұсқа қалай болатынын көргім келетін. 

Қаһар / Fury / Ярость - киносы бүгіннен бастап көрсетіледі. Әрбір өзін жігітпін деп санайтын жігітке көруге кеңес берер ем. Әсіресе, болмайтын нәрсеге көз жасын сығуға дайын тұратын жігіттерге. Жігіттер жыламайды емес жылайды, бірақ олардың жылайтын себебі басқа... 

"Қаһар" деп аталатын танкке бес адамның тағдыры байлаулы. Шебер қолбасшы бәрін тек алға жетелеп қана қоймай командасының әр мүшесіне үйіне аман-есен қайтуына уаде береді.... Жаудың 300 әскерімен жалғыз қалған бесеуінің күресі жайлы түсірілген фильм. 

Осы киноға түсу барысында Шайа Лабаф түк жуынбай қойыпты дейді. Шайа Лабаф өзін осы фильм арқылы басқа қырынан таныта білген. Бұрын церковь қызметкері болған ол өзінің жауыздық алдында өзінің адам өлтіруге деген ерекше қасиеті бар екенін ашады. Әр адамды атқан сайын көзінен аққан жас пен күнәсін жуу мақсатындағы іс әрекеті адамға әсер етпей қоймайды. 

Брэд Питт өзін кино саласында әр қырынан танытып үлгерген актер болса да оның нағыз қатыгез бола тұра жүрегіндегі адамшылық бар екенін айқын көрсете алған. Ол кинода өзіне тапсырылған міндетті жақсы атқара алған. Маған әсер еткен жері жас әскерді адам өлтіруге үйретуі. Шынайы соғыста да солай болғанына сенем.

Джон Бернтал - Шайа Лабафқа қарама-қарсы мінездегі қарапайым әскер. Өмірдегі ішу-жеу мақсаттағы адамдардың ролін жақсы берген. Дегенмен, адам қандай жағдайда адам болып қалудың жақсы үлгісі. 

Логан Лерман- жас болса да кино әлемінде қиын рөлдерді сомдап үлгерген актер. Яростьта нағыз соғысқа келген таза, жауыздықты көрмеген, әлі де бала рөлін жақсы сомдаған. Оның алғаш адам өлтіру кезіндегі жан қиналысы ешкімді бей-жай қалдырмайды. 

Кино жайлы қызықты фактілер: 

  • Америкалықтардың танкілерінің немістердің танкілерінен әлсіз болғанын анық көрсеткен. 
  • Бовингтондық британиялық танктер музейі кино түсірушілерге әлемдегі жалғыз жүріп тұрған немістердің Тигр I танкысын түсірілімге берген 
  • Мықты актерлық құрам Брэд Питт, Шайа Лабаф, Логан Лерман, Майкл Пенья, Джон Бернтал
  • Махаббат тақырыбы "Сталинград" киносына қарағанда жақсы романтикалық түрде берілген. 
  • Брэд Питт арнайы неміс тілінен сабақ алған. 
  • Брэд Питт ұстаған винтовка - немістердің StG 44, Sturmgewehr 44 деп аталатын соғыс кезінде шығарған винтовкасы. 
  • Кинодағы танктердің соғысындағы спецэффект жақсы берілген, адам тура сол жерде тұрғандай әсер алады. 
 
 
"Не үшін бұл фильмді көру қажет?" деген сұраққа келсек, салыстыру үшін дер ем. Әрі америкалықтардың көз қарасын айқын көру үшін. Әрі қандай жағдай болмасын адамгершілік жоғары тұратындығын, адамдардың қаншалықты қатегез бола алатындығына көз жеткізу үшін көруге тұрарлық фильм.