Қазақтың сөз теңізі: Ұзындық өлшемі мен жүйрік ат атаулары

Қазақтың сөз теңізі: Ұзындық өлшемі мен жүйрік ат атаулары

"Қазақтың сөз теңізі" деген желімен осыдан бұрын назарларыңызға жел атаулары мен жан күйін бейнелейтін сөздерді ұсынған болатынбыз. Бүгін сол серияны жалғастыратын боламыз. Портал оқырмандары бүгін қазақтың ұзындық өлшемдері мен жүйрік атқа байланысты атауларды оқитын болады. Әрине, бұл сөздердің көбі бүгінгі таңда қолданыста жоқ. Өйткені, бұл сөздер тек қазақтың көшіп-қонып жүрген заманында ғана қолданыста болған.

Ұзындық өлшемдері

Арқан бойы, құрық бойы, қамшының сабындай, қозы көш жер, көш жер, елі, сүйем, сүйем қарыс, қарыс, құлаш, кісі бойы, шылбыр тастам, көз көрім, шақырым, тұтам, шынтақ, ат тұсарынан, ат таңбалығынан, ат бауырынан, табан, қадам, ат шаптырым, тай шаптырым, құнан шаптырым, сынық сүйем, найза бойы, күншілік, аршын, қадам, кез, сынық сүйем, бір қыдыру жер, түстік жер, айшылық жер, қолдың қарындай.

Жүйрік ат

Қазақ аттың жүйрігіне де түрлі атаулар беріп, айдар таққан. Күлік, сайгүлік, саңлақ, жүйрік, тобышақ, еңіреу, сүргін, көкайыл, көкжелік, желқабыз, тұлпар, қас бедеу, қазанат, жел саңлақ. Мысалы, «Көктеп мінген еріңнің астында, көп жүгірер күлік бар» деген сөз бар. Мұның ішінде «Күлік» сөзі жайлы «Аласапыран» (М. Мағауин) романында: «Би – хан барда ғана жүйрік, сұлтан – ел барда ғана күлік» деген сөз кездеседі. Күлік сөзі сән мағынасын да береді. Оған мысал ретінде «Күреңімді мінемін күлік үшін» деген сөзді айтуға болады.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: art.eubank.kz

M. Auelkhan