Массагет.кз "Шалқар" радиосында тікелей эфирде қонақта болады

Массагет.кз "Шалқар" радиосында тікелей эфирде қонақта болады

Алдағы аптада 19 маусым күні, кешкі сағат 20.05 - 20.40 аралығында "Шалқар" радиосындағы журналист Ербол Азанбектің "Жастар.kz" интернет сағаты бағдарламасында Массагет.кз сайтының контент-менеджері, блогшы Анар Мұстафина мен шығарушы редакторы, блогшы Мейіргүл Оңғарова қонақта болады. "Массагеттік" жастармен қазақ интернеті, блогосфера, "Массагет" жобасы туралы әңгіме өрбімек. Сұрақтарыңыз болса, студияның байланыс телефоны - 2663383. Бағдарлама тікелей эфирде өтеді. Айтпақшы, "Массагет" сайты атынан белсенді тыңдарманға сыйлық бар. "Массагет" сайты туралы сұрақтарымызға жауап берген "Шалқар" радиосының екі тыңдарманына 500 бірлік сыйға беріледі. Ендеше, эфирде күтеміз. 

"Шалқар" ұлттық арнасы 106.5 жиілігінде эфирге шығады және http://radioshalkar.kaztrk.kz сайтынан онлайн тыңдауға мүмкіндік бар.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

М. Оңғарова