BMW i3 электрокарының құпиялары белгілі болды

BMW i3 электрокарының құпиялары белгілі болды

Интернет беттерінде шілде айының соңында Нью-Йорк, Лондон және Пекин қалаларында таныстырылымы болатын BMW i3 электрокарының алғашқы ресми фотолары пайда болды, деп хабарлайды Motor.  

 1

Батыс басылымдарының хабарлауынша, жаңа көлік қуаты 170 ат күшіне тең электр қозғалтқышымен және литий-ионды аккумуляторымен жабдықталған екен. Сондай-ақ ол жылдамдығын сағатына 100 шақырымға дейін жеткізу үшін 7,9 секунд уақытын жұмсайды. i3 моделінің максималды жылдамдығы сағатына 150 шақырымды құрайды. 

2

Одан бөлек, компания болашақта батарея есебінен жылдамдығы мен жүріс уақытын арттыратын үш цилиндрлі бензинді моторы бар электромобильді де шығаруды жоспарлап отыр екен. BMW i3 көлігі сатылымға биылғы жылдың қараша айында шығады деген жоспарланып отыр. Электрокардың бағасы 35 мың еуродан басталады. 


 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: ©BMW


 

Б. Қосмағамбет